НАУҚАСТАРҒА ШӘКӘРІМ БАБАМЫЗДАН ӨСИЕТ Абай дәстүрін жалғастырушы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Мұсылмандық шарты» деп аталатын еңбегінде былай дейді: «Ауру болса, оқыған-білген дәрігерге қаралып, Алладан шипа сұрасын. Бақсы, балгер туралы Пайғамбардың хадисі мынау: «Кім де кім бір нәрсені харам қылса, яки харам қылдырса, яки бал ашса, сиқыр қылса, яки сиқыр қылдырса, олар менің үмметім емес. Және біреу бір бақсыға бал ашқызып, соның айтқанына нанса, анық күпірлікке ұрынғаны, Құранға нанбағаны үшін» деген. Құмалақ салған, жауырын жаққан, бір нәрсені арам қылған – бәрі солардың жолдасы. Бәрінен де аулақ болу керек. Осындай адамды жаман үйретіп, не болса соны әдейі қылғызып, бейне бір сондайды білім қасиет шығатындай көріп тұрады. Тастың үңгірін, жалғыз ағашты әулие деп, мал түнетіп, әлем (шүберек) байламақ – бәрі осындай жаман іс. Егер де сондай дағды қылған бір нәрсені қойғанда, бір қазаға ұшырасаң да одан деп ойлама. Зинһар сақтан, бір Алла Тағаланың Өзінен басқадан пайда да, зиян да жоқ. Не болса да Алланың пәрменімен болады. Ондай нәрселерде түк қасиет жоқ. Бірақ оқып-білген дәрігерге емдету обал (қате) емес. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ей, Алланың құлдары, ауруларыңызды емдетіңіздер. Алла Тағала дауасыз ешбір науқас жаратқан жоқ, жалғыз кәрілік пен ажалдан басқа», - деген. Бірақ дәрігер де анық жазады демейсің, Алла Тағаладан шипасын кез қылар ма екен деп үміт қыласың. Оқыған дәрігерлік жаман емес, бірақ біздің айтқанымыз бақсы-құшынаш емес, соны жақсы ұғыныңыз» #асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #ауру #шипа #ем #Шәкәрім #МұсылмандықШарты